ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫН БОЛЖАУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

10.26577/

Кілт сөздер:

топырақ дефляциясы, жер серіктік мониторинг, топырақтың азуы, топырақты зерттеу

Аңдатпа

Мақалада топырақтың жел эрозиясын болжау мен бақылаудың қолданыстағы әдістері бағыты бойынша әлемдік ғылыми әдебиеттерге шолу жасалған. Әдебиеттерді талдау барысында басым көпшілігі шөлді және шөлейтті аймақтардағы жел эрозиясын кеңістік пен уақыт аралығында негіздеуге арналғандығы анықталды. Қазіргі таңда әлемде аталған мәселені зерттеудің келесі түрлері таралған: көзбен бағалау, микронивелирлеу, фотограмметриялық, Cs137 және қашықтықтан бақылау арқылы үлгілеу әдісі. Әр әдістің қысқаша сипаттамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері, сонымен қатар қолданудың шарттары мен шектеулері келтірілген. Белгілі бір әдісті таңдау барысында бақылау жүргізу шарттарын, көзделген аймақтың ауданы мен зерттеу жүргізу масштабын, уақыт шеңберін, қаржылай және еңбек қорын ескеру қажет. Қазақстан Республикасының жер көлемінің үлкендігін және жел эрозиясына бейім жерлердің едәуір мөлшерде екендігін ескеріп, өзекті, экономикалық тұрғыдан негізделген және келешегі бар әдіс ретінде қашықтықтан зондтау ұсынылады. Белгіленген әдіс әртүрлі масштабта мониторинг жүргізуге, эрозиялық белсенділікті бағалап қоймай, оны болжауға мүмкіндік береді, осылайша жел эрозиясымен күресуге және салдарын жоюға, сонымен қатар алдын-алу шараларын ұйымдастыруға бағытталған дұрыс, жедел және дер кезіндегі шаруашылық-экономикалық шешімдерді қабылдауға ақпарат ұсынады. Аталған әдістің тиімділігін арттыру үшін деректер қорын жасап, топырақ туралы ақпаратты жинақтау және кеңейту қажет, ол жер серіктерінен алынған деректерді тексеруге, нақтылауға, өңдеуге және калибрлеуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Н.С. Сиханова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Korkyt Ata Kyzylorda State University

    PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті “Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология” БББ қауымдастырылған профессоры м.а.

  • Е.А. Шынбергенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Korkyt Ata Kyzylorda State University

    (жауапты автор) — PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті “Су шаруашылығы және жерге орналастыру” БББ қауымдастырылған профессоры м.а.

  • Б.Т. Кенжалиева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Korkyt Ata Kyzylorda State University

    ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті “Су шаруашылығы және жерге орналастыру” БББ қауымдастырылған профессоры м.а.

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география