Деректер қорын құру үшін Батыс Қазақстан өңірінде антропогендік ықпалдан деградацияға ұшыраған аймақтарының экологиялық жай-күйін сараптау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.08

Кілт сөздер:

Ластану, топырақ, улы заттар, мониторинг, экология

Аңдатпа

Батыс Қазақстан өңірінде химиялық және радиациялық ластанудың қауіпті деңгейндегі экологиялық апатты деп танылған аймақтары мен елді-мекендері бар. Мақсатымыз - Батыс Қазақстан өңірінде өнеркәсіптік қысымынан деградацияға ұшыраған аймақтарының экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізу. Жер ресурстарының сапасын арттыруға,  экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан өңірінің тұрақты дамуына ықпал ететін болады.

Қабылданатын шаралар өңірдің топырақ құнарлығын сақтауға және оның тұрғындарының әл-ауқатын ұзақ мерзімді негізде қамтамасыз етуге көмектеседі. Салыстырмалы-аналитикалық әдіс барлық топырақ қасиеттерінің өзгеруіне байланысты оның өсімдігі мен фаунасының қалыптасуы және көші-қон ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Топырақтың морфологиялық, химиялық, физикалық және физика-химиялық қасиеттері, сондай-ақ ластанудың ықтимал көздері туралы кешенді мәліметтер базасы құрылды. Топырақтың улы химикаттармен ластануын бағалаудың әдістемелік негіздері жасалуда. Батыс Қазақстан өңірінің топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы бойынша кешенді зерттеулер жүргізілуде. Әзірленуде: ақпараттық мәліметтер базасы және топырақтың улы химикаттармен ластануын бағалаудың әдістемелік негіздері; аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін улы химикаттармен ластанудың алдын алу бойынша ұсыныстар.

Автор өмірбаяндары

  • Г.А. Мұқанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    (хат-хабар алмасу үшін автор) – Биология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тұрақты даму бойынша Юнеско кафедрасының доценті

  • Е.Х. Какимжанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, картография және геоинформатика кафедрасының доценті м.а

  • Б.Е. Шимшиков, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тұрақты даму бойынша Юнеско кафедрасының доценті

  • З.А. Тукенова, РМК «Зоология институты» ҚР ҒЖБМ ҒК, Алматы, Қазақстан

    Биология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒК «Зоология институты» РМК доценті

  • М.Г. Мустафаев, Топырақтану және агрохимия институты, Баку, Әзірбайжан

    Aграрлық ғылымдар докторы, Топырақтану және агрохимия институтының топырақты мелиорациялау зертханасының меңгерушісі

  • А.А. Ошақбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Ғылымдар магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тұрақты даму бойынша Юнеско кафедрасының докторанты

  • А.Н. Хасенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Гуманитарлық ғылымдар магистрі, әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тұрақты даму бойынша Юнеско кафедрасының докторанты

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-30