Арал - Сырдария алабы өзендері ағындысының жыл сайынғы ресурстарын бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.07

Кілт сөздер:

өзен ағындысының ресурстары, Арал-Сырдария су шаруашылық алабы, республика шегінде қалыптасатын су ресурстары, сырттан келіп түсетін ағынды, статистикалық сипаттамалар, тең қамтамасыздық мәндер әдісі.

Аңдатпа

Жұмыс Арал - Сырдария су шаруашылығы алабы өзендері ағындысының жыл сайынғы ресурстарын бағалауға арналған. Өзен ағындысының жылдық су ресурстарын бағалау, бақыланған және шартты-табиғи ағынды деректері негізінде жүргізілді. Жергілікті ағын мен көрші елдерден келіп түсетін ағындардың мәндері жеке-жеке қарастырылды. Зерттелген аумақтың жергілікті ағынының ресурстарын бағалау тең қамтамасыздықтандырылған мәндер әдісімен жүргізілді. Ол үшін тірек бекеттерінің бақылау қатарларын қайта тұрғызу бойынша жұмыстар орындалды және таңдалған 1932 - 2019 жж. есептік кезең негізінде жылдық ағындының статистикалық сипаттамалары анықталды (ағын көлемінің орташа көпжылдық мәні, вариация және асимметрия коэффициенттері). Бағалау нәтижелері бойынша Арал-Сырдария су шаруашылығы алабының 1932 - 2019 жж. дейінгі көп жылдық кезеңдегі өзен ағындысының жиынтық ресурстары орта есеппен 21,5 км3 құрайды, оның ішінде: Қазақстан шегінде қалыптасатын ресурстар - 3,22 км3, сырттан келетін ресурстар – 18,2 км3. Табиғи ағындыға қарқынды ықпал байқалған кезеңде алап шегінде қалыптасатын ағынды мөлшері шартты – табиғи кезеңге қарағанда 4,66 %, сырттан келіп түсетін ағынды 4,98 %, ал жиынтық су ресурстары 4,92 % азайған.

Автор өмірбаяндары

  • С.Б. Саиров, «Қазгидромет» РМК, Астана, Қазақстан

    География ғылымдарының кандидаты, «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары

  • А.С. Пшенчинова, «Қазгидромет» РМК, Астана, Қазақстан

    (хат-хабар алмасу үшін автор) – «Қазгидромет» РМК Ғылыми зерттеу орталығының Гидрологиялық процестер мен гидрологиялық есептеулерді модельдеу басқармасының жетекші ғылыми қызметкері

  • Б.Б. Айтымова, «Қазгидромет» РМК, Астана, Қазақстан

    «Қазгидромет» РМК Ғылыми зерттеу орталығының Гидрологиялық процестер мен гидрологиялық есептеулерді модельдеу басқармасының жетекші ғылыми қызметкері

  • Н.Н. Абаев, «Қазгидромет» РМК, Астана, Қазақстан

    «Қазгидромет» РМК Ғылыми зерттеу орталығының директоры

  • Т.А. Тілләкәрім, «Қазгидромет» РМК, Астана, Қазақстан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    «Қазгидромет» РМК Ғылыми зерттеу орталығының Климаттық зерттеулер басқармасының бастығы

  • Н.Т. Серікбай, «Қазгидромет» РМК, Астана, Қазақстан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    «Қазгидромет» РМК Ғылыми зерттеу орталығының Гидрологиялық процестер мен гидрологиялық есептеулерді модельдеу басқармасының бастығы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология