ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШӨЛЕЙТТЕНУ ҮРДІСТЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Авторлар

  • А. Еркін Шинжяң экология және география институты, Қытай ғылым академиясы, Қытай, Үрімші қ. https://orcid.org/0000-0003-4500-9626
  • Дж. Лэй Қытай ғылым академиясының университеті, Қытай, Бейжің қ. https://orcid.org/0000-0002-7063-248X
  • Ю. Ваң Шинжяң экология және география институты, Қытай ғылым академиясы, Қытай, Үрімші қ. https://orcid.org/0000-0002-3590-7388
  • О. Мазбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0002-8769-1240
  • З. Мырзалиева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0002-8769-1240
  • А. Тажекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0001-8812-9738

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v67.i4.10

Кілт сөздер:

шөлейттену, қалыптасу, таралу, алдын алу, шаралар, Қазақстан

Аңдатпа

Шөлейттену – құрғақ және жартылай құрғақ жағдайда болатын бірқатар маңызды процестердің салдары. Әдетте Қазақстан мен Орталық Азия аумағының шөлейттену үрдісін  оның геологиялық кезеңдеріндегі болған өзгерістерге байланысты қарастырады. Мақалада шөлейттену проблемалары және оның алдын алу шаралары қарастырылады, себебі шөлді аумақ Қазақстан территориясының көп бөлігін алып жатыр. Сондықтанда әлемдегі шөлейттенуге бейім аймақтардың бірі болып табылады. Зерттеу жұмысымызда біз Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарының негізгі ерекшеліктерін, Қазақстан аумақтарының шөлейттену сезімталдығының кеңістікте таралуын, қалыптасу тарихының процестерін, шөлейттенудің кері әсерлерін және   шөлейттену процестерінің алдын алу шараларын талдадық. Талдау нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан аумағының басым бөлігі, әсіресе халқы тығыз орналасқан оңтүстік және батыс аймақтарында шөл және шөлейт жерлер өте көп, сонымен бірге, бұл аймақтар шөлейттенуге бейім. Шөлейттенудің жағымсыз әсерлерін талқылаудан байқағанымыздай Қазақстандағы шөлейттену мен құрғақшылық тек экологиялық ғана емес, сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді де туындатып отыр. Тағы бір байқағанымыз Қазақстанда шөлейттенудің алдын алу шаралары Кеңес одағы кезінде жақсы қолға алынғанымен, егемендік алған жылдардан бастап оған аз көғңл бөлінген. Дегенмен материялдарды саралау нәтижесі соңғы он жылдарда Қазақстанда бірқатар халықаралық және мемлекеттік деңгейдегі шөлейттенумен көресу шаралары бастау алғанын көрсетеді. Мақалада анықталған өзекті мәселелердің бірі – Қазақстандағы шөлейттенудің алдын алуға арналған кейбір жобалардың толық орындалмауы немесе орта жолда тоқтап қалуы, бұл құбылыс одан әрі тереңдей зерттеуді қажет етеді.

Жарияланды

2022-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Табиғи және антропогендік геожүйелер