Іле өзені атырауы аумағының қар жамылғысының негізгі физикалық-химиялық параметрлері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.05

Аңдатпа

Бұл жұмыста алғаш рет Іле өзені атырауының аумағы үшін олардың химиялық құрамы негізінде қар жамылғысының параметрлеріне физика-химиялық баға берілді. Қар жамылғысының физикалық-химиялық қасиеттері оның түсу сәттінен бастап, ауа температурасының, ылғалдылықтың, өзіндік салмағының, желдің, күн радиациясының, сондай-ақ техногендік әсерден үнемі өзгеріп отырады. Қар жамылғысында ластаушы заттардың жиналуына гидрометеорологиялық жағдайлар мен орографиялық орналасу ерекшеліктері маңызды рөл атқарады. Химиялық талдаулар келесі параметрлерге жүргізілді: рН, перманганаттың тотығуы бойынша органикалық заттар, қалқыма заттар және минерализация. Қар жамылғысының физико-химиялық параметрлерін бағалаудың алдын ала нәтижелері бойынша, орталық белдеудегі қар жамылғысы қатты бөлшектер мен минерализацияның максималды құрамымен сипатталатын кейбір ластанулары анықталды.

Автор өмірбаяндары

  • А. Мадибеков, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ.

    "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының меңгерушісі, PhD

  • Л. Исмуханова, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ.

    «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Гидрохимия және су қауіпсіздігі зертханасының ғылыми қызметкері

  • А. Мұсақұлқызы, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ.

    "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ

    Гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының аға ғылыми қызметкері, т. ғ. к.

  • А. Жәди, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ.

    "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ

    Гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының кіші ғылыми қызметкері

     

  • Б. Султанбекова, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ.

    "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ

    Гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының кіші ғылыми қызметкері

     

  • Р. Кулбекова, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ.

    "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ

    Гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының кіші ғылыми қызметкері

     

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-09-23

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология