Ауыл туризмін дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстанның туристік климаттық индексін бағалау

Авторлар

  • Zh. N. Aliyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-5212-5417
  • A. B. Kyrykbay Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-1389-1741

DOI:

10.26577/JGEM.2021.v60.i1.03

Кілт сөздер:

ауыл туризмі, ауылдық аймақ, ауыл, туристік-рекреациялық әлеует, туристік климаттық индекс, эффективті температура.

Аңдатпа

Туристік және рекреациялық ресурстар туризмнің әр түрлі бағытын дамытуға мүмкіндік береді. Осы мақсатты орындау үшін, аймақтың туристік-рекреациялық әлеуетін бағалаудың кешенді жұмыстары жүргізіледі. Ауыл туризмін дамыту тікелей әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, инфрақұрылым жағдайына және нақты туристік аймақтың тартымдылығына байланысты. Ауыл туризмі көптеген елдердегі жаппай туризмге қосымша болуы мүмкін, сонымен бірге туризм деңгейі төмен жерлерде инновациялық бастама бола алатыны белгілі. Қазіргі кезде ауыл туризмі шетелдік мемлекеттерде жоғары ырғақтылықпен дамып жатыр. Қазақстанда да ауыл туризмін дамытудың зор мүмкіндіктері бар. Ауыл туризмін нақты аумақтарда дамыту мүмкіндіктерін талдау үшін арнайы туристік-рекреациялық бағалау жүргізіледі. Мақалада Оңтүстік Қазақстанның ауыл туризмін дамытудың климаттық әлеуетін бағалау үшін оның туристік климаттық индексіне талдау жүргізілді. Климаттық индекстің сипаттамасы бойынша аймақтың климаттық қолайлылығының динамикасы анықталды. Климаттық индекстің баллдық көрсеткіштеріне байланысты Оңтүстік Қазақстанның картасы жасалынды. Анықталған нәтижелер бойынша аймақтың климаттық жайлылығының қолайлы немесе қолайлы еместігі анықталды. Бұл туристер үшін және тікелей ауыл туризмін дамыту үшін маңызды фактор және туристік-рекреациялық бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм