Жер құрттары топырақтың ауыр металдармен ластануының биоиндикаторы ретінде

Авторлар

  • А. Байботаева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0001-8560-9218
  • Г. Кенжалиева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0003-0200-7145
  • Е. Кучеров М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0001-6652-7954
  • А. Мамитова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0003-2334-145X
  • A. Aбдуова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0001-9714-5625

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.09

Кілт сөздер:

ауыр металдар, жауын құрттары, индикаторлар, топырақ, Ачисай, деградация.

Аңдатпа

Экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқаратын топырақтың едәуір айтарлықтай деградациясы адамның әр түрлі антропогендік әрекетінің нәтижесі болып табылады.

           Олар топырақтан өсімдіктер өздеріне өсуге және жетілуге ​​қажет болатын барлық қоректік заттарды сіңіреді, ал өз кезегінде адамдар мен жануарлар өздерінің метаболизм өнімдерін топыраққа шығарып жібереді. Бұл табиғаттағы заттар - айналымы осылай жүріп отыратын құбылыс. Адамның антропогендік, яғни бұл олардың салып жатқан үлкен зауыттарының қалдықтары, газбен жүретін көліктердің көбеюі, әр-түрлі қоқыстарды тастау секілді іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде  топырақтың қасиеттері өзгеріп, құнарының нашарлануына байланысты оның өзін-өзі тазарту қабілеті төмендей бастайды. Бұл топырақ метаболизмінің бұзылуына, соның салдарынан топырақтың минералдану процестерінің нашарлауына және ауыр металдар иондарының топырақта және жер асты суларында ішуге пайдаланылатын концентрациясының артуына әкелуі мүмкін, бұл халық арасында әр түрлі ауыр аурулар тудырып келуде. Сондықтан, топырақтың ауыр металдармен ластануы және оның күйі мен жағдайын диагностикалау - өзекті тақырып болып саналады. Бұл мақалада Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі топырақ жамылғысының күйі мен жағдайын биоиндикациялау үшін құрттарды қолдану мүмкіндігі туралы жан-жақты саралап айтылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Геоэкология