Ұлы Жібек жолының Қазақстандық аумағында экотуризмді дамыту болашағы

Авторы

  • Aida Kaliyeva Kazakh

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v55.i4.06
        273 303

Аннотация

Ұлы Жібек жолы – ежелгі заманнан Батыс пен Шығысты байланыстыратын магистраль қазір үлкен маңызға ие. Ол әлемдегі ең үздік брендтердің бірі. Ұлы Жібек жолының қазақстандық аумағы тарихи, археологиялық, сәулет, қала құрылысы және монументалды өнер ескерткіштерінің бірегей кешені болып табылады. Сонымен қатар, Ұлы Жібек жолының бағыттары экологиялық туризм бойыншада сұранысқа ие. Экотуризм табиғатты сақтауға ықпал етіп, әлемде кеңінен танымал болып келеді. Қазақстан арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансконтиненталдық жол торабы өтеді, бұл автожолы Ұлы Жібек Жолының ерекше табиғатын көріп, терең тарихын түсінуге мүмкіндік береді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экотуризмді дамыту мүмкіндігі жоғары және тарихи және мәдени мұра аумақтарында рекреациялық ресурстарды шоғырландырудың маңызы зор. Мақалада экологиялық туризмнің теориялық негіздері, оны Ұлы Жібек жолының қазақстандық аумағында ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Оның даму артықшылықтары талдана отыра, жіктемесі әзірленіп және Ұлы Жібек жолында экологиялық туризмнің дамуына SWOT-талдау жасалды. Сонымен қатар, Ұлы Жібек жолының қазақстандық аумағында экологиялық туризмді дамыту перспективалары анықталды.

Түйін сөздер: туризм, экологиялық туризм, экотуризм, ұлттық парктер, жібек жолы, ландшафтар, табиғи ескерткіштер.

Загрузки

Опубликован

2020-03-06

Как цитировать

Kaliyeva, A. (2020). Ұлы Жібек жолының Қазақстандық аумағында экотуризмді дамыту болашағы. Вестник КазНУ. Серия географическая, 55(4), 62–69. https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v55.i4.06

Выпуск

Раздел

Рекреационная география и туризм