Солтүстік Қазақстанда атмосфералық жауын-шашынның таралуының климаттық ерекшеліктері
Keywords:
жауын-шашын, орташа квадраттық ауытқу, вариация коэффициенті, асимметрия коэффициенті, эксцесс коэффициенті, жауын-шашын аномалиясы, тренд сызығыAbstract
Мақалада Қазақстанның Солтүстік аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуының климаттық ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу жұмысы барысында осы аймақта орналасқан Павлодар, Астана, Петропавл, Көкшетау, Қостанай метеорологиялық станцияларының 1973–2012 жылдар аралығындағы мәліметтері қолданылған. Зерттеу аймағы бойынша атмосфералық жауын-шашынның көпжылдық көрсеткіштері мен зерттеу мәліметтері салыстырылды, аномалиялардың уақыттық жүрісі қарастырылып, Павлодар, Петропавл және Қостанай станцияларында жауын-шашын мөлшерінің өскені (5-23 мм), ал Көкшетау мен Астана станцияларында жауын-шашынның жылдық мөлшері (16-24 мм) азайғаны тіркелген. Сонымен қатар жауын-шашынның таралуында негізгі статистикалық көрсеткіштері, яғни орташа квадраттық ауытқу 7-38,2 мм аралығында, эксцесс коэффициенті минус 1,4-3,9 аралығында, асимметрия коэффициенті күшті болып, ал вариация коэффициентінің өзгерісі 36-96 % аралығында маңызды болып таралған.
