Құрылыс және ғимараттардың инженерлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған геодезиялық жұмыстардың технологияларын жетілдіру

Authors

  • А. Е. Борантаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • А. Т. Биримжанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Г. К. Джангулова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Keywords:

деформация, техногенді, инженерлік-геодезиялық бақылау, мегаполис

Abstract

Мақалада құрылыс пен ғимараттардың деформацияға ұшырау кезіндегі, инженерлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған геодезиялық жұмыстар мен оны алдын алу жолдары қарастырылады. Инженерлік құрылымдардың деформациясын геодезиялық әдістермен бақылау барысы, өлшеу дәлдігін анықтау әдістері көрсетілген. Ескі құрылыс және ғимараттардың қайта құрылуы, құрылымдық сұлбалар және құрылысты жобалау барысы заманауи талаптарға сүйене отыра жасау, құрылыстар мен ғимараттарды қалпына келтіру өзекті мәселе болып тұр. Ірі құрылыстардың және ғимараттардың барлық түрлері деформацияны анықтау мақсатымен зерттеледі және пайдалану кезеңінің барлық уақытында жалғасады. Қазіргі таңда, үлкен мегаполистерде құрылыс және ғимараттардың тығыз салынғандығынан, жер асты кеңістігін зерттеу кезінде және де басқа табиғи немесе техногенді әсерлерден болған деформацияларды алдын алу жағдайларын қалыптастыру өте маңызды. Осы талаптарды қамтамасыз ету үшін соңғы ғылым мен техниканың жетістіктеріне негізделген арнайы әдістер мен өлшеу құралдары жетілдірілуде. 

Downloads

How to Cite

Құрылыс және ғимараттардың инженерлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған геодезиялық жұмыстардың технологияларын жетілдіру. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 42(1). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/298