Оңтүстік Қазақстан облысын биоклиматтық бағалау
Keywords:
биоклимат, эффективті температура (ЭТ), эквивалентті-эффективті температура (ЭЭТ), биологиялық активті температура (БАТ), нормальді эквивалентті-эффективті температура (НЭЭТ), радиациялық эквивалентті-эффективті температура (РЭЭТ)Abstract
Адамның денсаулығы мен тіршілік етуіне жайлы жағдайларды қамтамасыз ететін метеорологиялық құраушы биоклимат болып табылады. Сол себептен мақалада билклиматтық жағдайларды талдаудың негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының жайлылығы бағаланды. Биоклиматтық параметрлерді анықтау үшін бастапқы деректер ретінде ОҚО территориясында орналасқан метеорологиялық станциялардың мәліметтері алынды.
Биоклиматтық жайлылықтың интегралды көрсеткішіне жылы мерзім үшін: эффективті температура (ЭТ), эквивалентті-эффективті температура (ЭЭТ), биологиялық активті температура (БАТ), нормальді эквивалентті-эффективті температура (НЭЭТ), радиациялық эквивалентті-эффективті температура (РЭЭТ), ал суық мерзім үшін Бодман бойынша қаталдық индексі, Хайруллин мен Адаменко бойынша келтірілген температура қарастырылды. Алынған нәтижелер бойынша, Оңтүстік Қазақстан территориясында адамның өмір сүруі, тіршілік етуі үшін жайсыз жағдайлар анықталмаған, ең жайлы ай қазан айы болып табылған.
