Атмосфералық жауын-шашындар құрамындағы ауыр металдар
Keywords:
жауын-шашын, ауыр металдар, ластаушы заттар, мыс, қорғасын, мышьяк, кадмийAbstract
Мақалада Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның ауыр металдармен ластану зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Осы аймақтарда орналасқан 6 метеорологиялық станциялардың мәліметтері қолданылған. Алматы қаласы гидрометеорологиялық мониторинг орталығының химия – аналитикалық зертханасы бөлiмінен 2004 және 2009 жылдар аралығындағы орташаланған мәндері алынған. Зерттеу жұмысы барысында негізгі статистикалық әдістер қолданылды.Жауын-шашынның кеністік және уақыттық негізгі сипаттамаларының өзгеруі заңдылықтары зерттеліп, атмосфералық жауын-шашындардың химиялық құрамы анықталды. Аталған үш аймақ бойынша жауын-шашынның ластану дәрежесі бағаланды. Жұмыстардың орындалу барысында ластану деңгейі ең жоғары аудандар Шымкент және Қазығұрт станциялары болып табылды Қарастырылған ауыр металдардың қатарынан шекті мүмкіндік концентрациясынан кадмий ғана асады. Жауын-шашынның сапасын талдау барысында ластайтын заттардың қосымша әсер ету көздері қарастырылды.Downloads
Issue
Section
Meteorology and hydrology
How to Cite
Атмосфералық жауын-шашындар құрамындағы ауыр металдар. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 42(1). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/292
