Атырау облысында шаңды дауылдар кезіндегі жел режимі

Authors

  • С. Қожахмет-Яссауи Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml
  • Н. У. Бултеков Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты
  • А. С. Нысанбаева Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml

Keywords:

шаңды дауыл, жел, көріну қашықтығы, шаңды дауылдардың қайталанушылығы

Abstract

Мақалада Атырау облысы территориясындағы метеостанциялардың бақылау мәліметерін пайдалану арқылы шаңды дауылдардың пайда болуы мен кеңістіктік-уақыттық таралуындағы жел режимі қарастырылған. Шаңды дауылдардың көпжылдық ерекшеліктеріне, жел бағыттарының қайталанушылығына, шаңды дауыл байқалған күндер санына, жылдық жүрісіне және жылы, суық мерзімдер бойынша таралуына ерекше назар аударылды. Суық мерзімде, яғни ауа температурасы уақытша өзгерістерге ұшыраған кезде, аталған құбылыс аз (11%) байқалған, ал жылы мерзімде шаңды дауыл байқалған күндер саны жоғары (89%) мәнге ие болды. Аймақтағы жел режимінің жағдайы мен өзгергіштігін талдау нәтижесінде, жыл бойы шаңды дауылдардың пайда болуына әсер ететін күшті желдердің басым бөлігі оңтүстік-шығыс бағытымен соғатыны анықталды. Жылы мерзімде желдің оңтүстік бағытының, суық мерзімде желдің солтүстік бағытының қайталанушылығы ең аз дәрежеде байқалды.

Downloads

How to Cite

Атырау облысында шаңды дауылдар кезіндегі жел режимі. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 42(1). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/291