Атмосфералық жауын-шашындағы микроэлементтердің өзгеру динамикасы

Authors

  • Ұ. С. Абирова Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml
  • А. С. Мадибеков Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml

Keywords:

жауын-шашын, ауыр металдар, кадмий, қорғасын, мыс, мышьяк, шектік мүмкіндік концентрация (ШМК)

Abstract

Бұл мақалада Қазақстан территориясы бойынша 2005-2010 жылдардағы атмосфералық жауын-шашындардағы ауыр металдардың (кадмий, қорғасын, мыс, мышьяк) таралуының нәтижелері қарастырылған. 16 метеорологиялық станциялардағы атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамы бойынша мәліметтері қолданылған. Алматы қаласы гидрометеорологиялық мониторинг орталығының химия – аналитикалық зертханасы бөлiмінен 2005 және 2010 жылдар аралығындағы орташаланған мәндері алынды.Жұмыстардың орындалуы барысында Қазақстан территориясы бойынша атмосфералық жауын-шашындағы ауыр металдардың таралуы 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ластану деңгейі азайған. Қарастырылып отырған территория бойынша ауыр металдардың ішінде кадмийдің мәні шектік мүмкіндік концентрациясынан асқан. Зерттеу барысында шектік мүмкіндік концентрациясының ең жоғарғы мәні Балқаш және Жезқазған қалаларында байқалды. Кадмийдің мөлшері шектік мүмкіндік концентрациясынан 2 есеге асып отыр. Ал басқа қалаларда салыстырмалы түрде шектік мүмкіндік концентрациясынан аспаған.

Downloads

How to Cite

Атмосфералық жауын-шашындағы микроэлементтердің өзгеру динамикасы. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 42(1). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/284