Ақтөбе облысында геопарктерді қалыптастыру мәселелері

Authors

  • A. M. Sergeeva Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
  • A. G. Koshim Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml
  • I. Bekzatkyzy Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Keywords:

геопарк, ұлттық саябақ, геологиялық тарих, геотуризм, тектоніка, жанартау, метеорит, палеонтологиялық қалдық, дайка, базальт, кратер, физикалық географиялық жадай, спелеотуризм.

Abstract

Мақалада Ақтөбе облысындағы геопарктерді қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Қазірдің өзінде Қазақстан аумағында, заманауи инфрақұрылым мен сервис дамымай тұрып, геопарктер желісі дамуы мүмкін және қажет. Геопарктер – бұл мол геологиялық (геоморфологиялық) көрнекі орындар есебінен туризмді белсенді дамытуға болатын жер бетінің бөліктері. Геопарк – аумағында бірқатар тарихи кезеңге дейінгі жануарлардың қазып алынған сүйектері сақталған, Жердің геологиялық тарихы, жергілікті ландшафтардың қалыптасуы, тау жыныстары және пайдалы қазба кен орындарының қалыптасуы көрнекі түрде ашып көрсетілетін, «ерекше қорғалатын» мәртебесіне ие аймақ. Геопарктерді алуан түрлі ұлттық парктер ретінде қарастыруға болады. Геопарктердің ұлттық парктерден айырмашылығы – геопарктерді құру мен жасақтау мемлекеттік шығынды қажет етпейтіндігі баяндалады.

Downloads

How to Cite

Ақтөбе облысында геопарктерді қалыптастыру мәселелері. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 41(2). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/273