Платформалық-денудациялық жазықтардағы эколого-геоморфологиялық жүйелердің бөлінуіндегі морфоклиматтық фактор (Орталық Қазақстан)
Keywords:
экологиялық-геоморфологиялық жүйе, платформалық-денудациялық жазықтық, экзодинамикалық үдеріс, экоморфолитогенез, морфоорографиялық фактор, морфоклиматтық фактор.Abstract
Бұл мақалада Орталық Қазақстан территориясындағы платформалық-денудациялық жазықтықтар жүйелерінің қалыптасуына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі морфоклиматтық фактор қарастырылады. Морфоклиматтық фактор орографиялық (негізгі бедер пішіндерінің кеңістіктегі таралуы, олардың морфографиясы, беткейлер экспозициясы) және климаттық (қысқы және жазғы орташа ауа температурасының, атмосфералық қысымның және жауын-шашынның кеңістіктегі таралуы) факторлардың өзара әрекеттестігін және олардың Орталық Қазақстандағы дифференциалды экологиялық және геоморфологиялық жүйелердің қалыптасуына әкеп соғатын экзодинамикалық үдерістерге әсерін қамтиды.
