ASSESSMENT OF THE CALCULATED MAXIMUM SPRING FLOOD OF THE MAIN RIVERS OF CENTRAL KAZAKHSTAN

  • Albina Sovetbekkyzy Pshenchinova doctoral student of the faculty of geography and nature management

Abstract

Бұл жұмыста көктемгі су тасудың ең жоғарғы ағындысы өтімінің есебі анықталды, ағындының статистикалық параметрлері есептелді және ағындының қамтамасыздық шамалары айқындалды. Көктемгі ағынды қабатының және ең жоғарғы су өтімінің статистикалық параметрлері әр түрлі кезеңдерге сәйкес анықталды. Әр түрлі алаптардағы ағындының көпжылдық жүргісінің ерекшелігін анықтау мақсатында жиынтық интеграл және айырымдылық интеграл қисықтары әдістері қолданылды (Методические рекомендации, 1986). Зерттеліп отырған су шаруашылық алаптар үшін көпжылдық орташа, көктемгі ағынды қабатының ауытқу коэфициенті мен ең жоғарғы су өтімінің мәндері 2 түрлі нұсқада есептелді: бақылау деректерінің фактілі мәндері, яғни соңғы қырық бес жылдық кезең бойынша (1970-2015 жж.); және шартты – табиғи кезең (репрезентативті кезеңнің басталуынан 1970 жылға дейін), сәйкесінше Селеті өзені – Изобильное ауылы, Есіл өзені – Түрген ауылы, Мойылды өзені – Николавка ауылы, Жабай өзені – Атбасар ауылы, Жабай өзені – Балкашино ауылы, Селеті өзені – Приречное ауылы, Есіл өзені – Астана қаласы, және Есіл өзені – Петропавловск қаласы бекеттері бойынша. Үлестірімнің эмпирикалық және аналитикалық функциялары келісімін талқылау, көптеген өзендердің көктемгі ағындысы сипаттамаларының үлестірімі Крицкий – Менкельдің қамтамасыздық қисығына сәкес екендігін көрсетті (Крицкий, 1981). Эмпирикалық және теориялық (Cs/Cv=1 және Cs/Cv=2) қамтамасыздық қисықтары өзара орналасуының талқылануы, эмпирикалық қамтамасыздық қисығынан ең аз алшақтаған Cs/Cv=2 қатынасына сәйкес келетін теориялық қамтамасыздық қисығы екенін айқындады. Аталған қамтамасыздық қисығы есептік қамтамасыздық қисығы ретінде қолданылды. 

Author Biography

Albina Sovetbekkyzy Pshenchinova, doctoral student of the faculty of geography and nature management
Кафедра метеорологии и гидрологии, PhD докторант
Published
2020-04-12
How to Cite
PSHENCHINOVA, Albina Sovetbekkyzy. ASSESSMENT OF THE CALCULATED MAXIMUM SPRING FLOOD OF THE MAIN RIVERS OF CENTRAL KAZAKHSTAN. Journal of Geography and Environmental Management, [S.l.], v. 56, n. 1, p. 30-38, apr. 2020. ISSN 2663-0397. Available at: <https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/802>. Date accessed: 25 may 2020.
Keywords су өтімі, интегралдық қисық, эмпирикалық қисық, ең жоғарғы ағынды, теориялық қамтамасыздық қисығы.