Гаж негізінде алматы қаласындағы ғимараттардың шатырларындағы күн фотоэлектрлі жүйенің техникалық әлеуеті

Гаж негізінде алматы қаласындағы ғимараттардың шатырларындағы күн фотоэлектрлі жүйенің техникалық әлеуеті

Авторлар

  • К. Кушербай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Мусагалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-8041-9247

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.06
        74 45

Кілттік сөздер:

жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), күн фотоэлектрлік (PV) жүйесі, геоақпараттық жүйе, күн потенциалы, қашықтықтан зондтау, күн панельдері, геокеңістіктік деректер, статистикалық талдау, қашықтықтан зондтау, картография, кеңістіктік талдау және деректер туралы ғылым, электрлік инженерлік желілер.

Аннотация

Қазақстанда күн энергиясының үлкен әлеуеті бар, онда фотоэлектрлік (PV) энергия технологиясы елде тез дамып келеді және инвесторлар фотоэлектрлік электр станцияларын салуға мүдделі. Шатырлы фотоэлектрлік электр станцияларын салу иелері үшін ай сайынғы энергия шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді және экономикалық пайда алу үшін фотоэлектрлік электр станциясынан электр желісіне артық электр энергиясын сата алады. Ғылыми зерттеудің мақсаты баламалы энергия көздерін күнделікті қызметке интеграциялау директивасында кейіннен қолдану арқылы геоақпараттық технологиялар саласындағы эмпирикалық білімді көрсету болып табылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы қалалар мен іргелес агломерацияларды электр энергиясымен қамтамасыз етудің жаңа үрдістеріне жаппай көшумен негізделеді, бұл ГАЖ негізінде кеңістіктік деректерді статистикалық талдау техникаларын қолдана отырып, практикалық негіздеу қажеттілігіне алып келеді. Зерттеу әдіснамасы белсенді оптикалық жүйелердің көмегімен ЖҚЗ ақпаратын алу және өңдеу үшін lidar технологиясын бастапқы интеграциялаудан тұрады, бұл өз кезегінде X, Y және Z координаттарын белгілей отырып, жер бетінен жарықтың шағылысу құбылыстары бойынша деректерді қосады. Бұл жұмыстың негізгі нәтижесі "таза" электр энергиясын өндіру үшін күн панельдерін кейіннен орнату үшін ғимараттардың қолайлы беттерін анықтау болып табылады, ал қорытынды күн энергиясын көздерін біріктіру мүмкіндігімен ЖЭО-2-ні түсіруге негізделген әлеуетті көрсетеді. Бұл зерттеудің құндылығы Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігіне негізделеді, өйткені жасыл энергетика элементтеріне көшу экологиялық компонентті жақсартуға, дәлірек айтқанда станцияға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, отынның күлділігі 40% құрайды.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-04-10

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика