Нитрарияның (Nitraria L.) биогеографиясы

  • К. Темирбаева Al-Farabi Kazakh National University
  • Д. Шокпарова Al-Farabi Kazakh National University
  • Ж. Мамутов Al-Farabi Kazakh National University
  • Т. Базарбаева Al-Farabi Kazakh National University
  • О. Зубова Al-Farabi Kazakh National University

Abstract

Нитрария құрғақ және жартылай құрғақ аймақтарда өсетін, әсіресе тұзды шөлдер мен тұзданған батпақтарда таралған галофитті бұта болып табылады. Nitraria L. туысы Nitrariaceae жанұясына кіреді және оның дүние жүзінде ерекше жекеленіп таралған 10 (12) түрі бар. Бұл бұталар құмды аймақтар мен жағалауларды бекіту үшін қорғаныс ретінде, сондай-ақ топырақтың тұздылығы мен ондағы органикалық заттардың концентрациясын азайту үшін отырғызылады. Nitraria L. туысы бұл ежелгі үштік дәуірдің реликті өсімдігі, алғаш рет Комаровтың зерттеулерінде сипатталды, ал бұл Қытай және Монғол флористикалық географиясында оның шығу тегі мен таралу орталықтары жайлы негізгі гипотезаларды қалыптастырды. Nitraria L. өте ежелгі өсімдік туысы ретінде отаны Орталық Азия болып есептелу ықтималдылығы көптеген зерттеушілердің талдау тақырыбына айналды. N. billardieri түрінің Австралияда оқшау дамығандығын және онымен өте ұқсас N. schoberi түрінің Шығыс Еуропа мен Азияда таралуын түсіндіру қиын. Соңғы молекулярлық-филогенетикалық зерттеулер мен әдістер туыстың систематикасы туралы жаңа мәліметтер, оның таралу ерекшеліктері мен пайда болу уақыты туралы жаңа гипотезалар алуға мүмкіндік берді. Мақалада Nitraria L. шығу тегі мен таралуы жайлы гипотезалар қарастырылған.
Published
2017-12-08
How to Cite
ТЕМИРБАЕВА, К. et al. Нитрарияның (Nitraria L.) биогеографиясы. Journal of Geography and Environmental Management, [S.l.], v. 45, n. 2, p. 11-16, dec. 2017. ISSN 1563-0234. Available at: <http://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/377>. Date accessed: 17 jan. 2018.
Section
Физическая, экономическая и социальная география