Биогеография және филогеография

  • К. Темирбаева Al-Farabi Kazakh National University

Abstract

Биогеография бұл тірі ағзалардың таралу себебі мен заңдылықтарын зерттейді. Биогеографиялық, оның ішінде тарихи биогеография, экологиялық биогеография және филогеографиялық сұрақтарды шешуде бірнеше тәсілдер бар. Филогеография – бұл түрлер мен популяциялардың генетикалық және географиялық құрылымын зерттейді. Филогеография әдетте түрлер мен популяциялар ішіндегі паттерн қалыптасуы мен генеалогиялық тарихын зерттеу үшін генетикалық ақпаратты қолданады. Бұл ақпарат биогеографиялық облыстар мен түрлердің өзара байланысын анықтау үшін қолданылады. Генетикалық маркерлер бірыңғай түрде беріліп отырады, мысалы, митохондриялық немесе хлоропластық ДНҚ тізбектері, олар аналық немесе аталық жағынан генеалогиялық тарихты қадағалайды. Мақалада филогеографияның тарихи биогеографиядағы орны және оның биоалуантүрлілік туралы ғылымдар аясындағы байланыстырушы қызметтері қарастырылған.

Author Biography

К. Темирбаева, Al-Farabi Kazakh National University
PhD
Published
2017-11-30
How to Cite
ТЕМИРБАЕВА, К.. Биогеография және филогеография. Journal of Geography and Environmental Management, [S.l.], v. 44, n. 1, p. 64-67, nov. 2017. ISSN 1563-0234. Available at: <http://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/349>. Date accessed: 15 dec. 2017.
Section
Физическая, экономическая и социальная география